Соңғы жаңалықтар

Қырымбек Көшербаев: «Әбдірахымов биліктің абыройына нұқсан келтіреді»

Аким ГАби

Осыдан бір жарым жыл бұрын Шымкент қаласының әкімі қызметінен масқара жағдайда кеткен, осыменен карьерасы бітті, биліктің берген «сенім кредиті таусылған» Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі лаузымына тағайындалды, деп хабарлайды Azat-media.kz ақпараттық порталы Oinet сайтына сілтеме жасап.

Несі бар, бұған дейін премьер-министрдің кеңесшісі лауазымын атқарған Әбдірахымов мәдениеттен де, спорттан да бір кісідей хабары бар азамат. Талай мәдени іс-шараларды атқарған. Велосипед тебуді біледі. Тапаншамен нысана көздеуден де аздап тәжірибесі бар. Әрбір сөзі «хит» болып кететіні шенеунікке мәдениет дегеніңіз мәселе болып па? Вице-министрлік қызметке тағайындалғанның ертеңіне Әбдірахымовты мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова ұжымымен таныстырды. Осы жерде Әбдірахымовтың туризм саласына жетекшілік ететіні мәлім болды. 

Әбдірахымовтың бұл саланы да шырқ үйіріп кететініне күмән жоқ. Онсыз да Шымкентті Нью-Йорк, Париж, Лондонның тәжірибесі бойынша дамытқаны мәлім. Бұған үшінші мегаполисті Лас-Вегасқа айналдыруға сәл қалғанын қосыңыз. Шымкент қаласының әкімі қызметінен кетер кезде Лондоннан: «Қазақстанда жұмыс істеп, шетелде демалыңыздар» деп ұсыныс айтқанын да әлі ел есінде. 

Туризмді қолға алған Әбдірахымов енді Қазақстанды әлемге танытып, дүние жүзі туристері ағылатын Лас-Вегас сынды туристік қалаларды арттырады деп сенеміз.  

Әбдірахымовтың кезінде қонақтардың Шымкентті жақсы көргені соншалықты кетер кездерінде көздеріне жас алғаны әлі ұмытылған жоқ. Сондықтан туризм саласы Әбдірахымов үшін нағыз іздегенге сұраған сала деп айтуға әбден болады. 

Ғабидолла Әбдірахымов 2018 жылдың шілдесінде Шымкент қаласының әкімі қызметінен ойда-жоқта босатылды. Жаңа әкім Ерлан Айтахановты таныстыруға Президент әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшірбаев келіп қатысты. Әбдірахымовтың өзі бұл жиында болған жоқ. Көшербаев Арыс қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, Түркістан қайта түлеп жатқан кезде, еліміз жаңа заманның жаңа қиындықтарымен бетпе-бет келіп отырған тұста Әбдірахмановтың әрекеттерінің билік тарапынан оң бағаланбағанын атап өтіп:

– Бұл мемлекет басшысының ұстанымына қайшы келді, жалпы биліктің абыройына нұқсан келтіреді. Қазіргі уақытта Әбдірахымовға берілген саяси сенім кредитті таусылды,- деп, түйеден түскендей дүңк еткізген еді Көшербаев

Алайда билікке Әбдірахымовтың нақты қай әрекеті ұнамағаны сол күйі жұмбақ болып қалды. Сарапшылардың бірі бұған «зың әкімнің» Лондоннан әлеуметтік желі арқылы жолдаған сәлемінің себеп болғанын айтты. Енді бірі Әбдірахымовтың Ақордадағы ойындардың құрбаны болғанын алға тартты. 

Алайда Әбдірахымовқа «кітапхананың» берген кредиті тасылмаған екен. Кейбіреулер «зың әкімнің» билікке оралуына Бауыржан Байбектің ықпал еткенін айтып жатыр. Кім біледі, бірақ қалай болса да Әбдірахымов вице-министрдің лауазымында ұзақ отырмауы мүмкін. Ол бұдан да жоғары қызметтерге баруы әбден ықтимал.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ГОРОДА ПОСЕТИЛ СТРОИТЕЛЬНУЮ ПЛОЩАДКУ 9-ЭТАЖНОГО ДОМА В АДМИНИСТРАТИВНО-ДЕЛОВОМ ЦЕНТРЕ

azatmedia

«Түркия қауіптерден қорықпайды». Ердоған АҚШ-қа жауап берді

azatmedia

Қазақстанда 1 қала қатаң карантинге жабылды

azatmedia