Соңғы жаңалықтар

«Нағашыларым зорлады» Айя сұмдық жағдаймен бөлісті (видео)

Нагашы 222 5 5 5

Бұл туралы Azat-media.kz медиа-порталы «Хабар» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айя транссексуалка:

«Менің түбегейлі қыз болып өзгеруіме туыстарым себепші. 15 жасымда яғни студент кезімде нағашыларым тойға келді Шымкентке. Тойдан соң мен тұратын пәтерге келді. Ішіп алған. Содан мені түнде жыныстық қатынасқа итермеледі.

Сол күннен бастап менің ойым, психологиям өзгере бастады. Көшеде ұлдарды көрсем қарап, қызығып мән беретін болдым. Маған ұнайтын болып кетті ұлдар. Оған дейін менде ондай сезім болған емес. Жаңағы оқиғадан соң осылай болып қалдым. 

Зорлық жасаған нағашыларым мені әлі күнге дейін қорқытады. Әр түрлі нәрселер айтып. Негізі мен көмек сұрағым келген басқа туыстарымнан, бірақ маған сенбейді, өзіме кінәні аударады деп қорықтым.

Мен өзім сездім, өз психологиям өзгеріп кеткендігін, мысалы менде қазір түк өспейді, дауысым өзінен өзі жіңішкеленіп кетті. Көкірек өсіретін гармондық дәрілер іштім. Бірақ жыныс ауыстырған жоқпын. Өйткені оған біраз қаражат керек. Алдағы уақытта ауыстыратын жоспарым бар. 

Мен сияқтылар көп деп айта алмаймын, алайда олар бар. Мен соларға еліктеп транссексуалка болған жоқпын. Әркімнің өз жағдайы бар басында бұл жолды таңдауда. Олар үшін мен жауап бере алмаймын.

Қоғам бірте-бірте бізді қабылдап келе жатыр. Сіздер қоғамды бізбен бірге бөлісуге мәжбүрсіздер. Бізді қуып жібере алмайсыздар. Немесе өлтіріп тастай алмайсыздар. Себебі бізде қоғамның бір бөлшегіміз.» -деп сөзін аяқтады.

Желідегілер бірі қолдайтынын айтса, бірі дұрыс емес екендігін жазып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

How Life Insurance Can Shave Your Capital Gains Tax

azatmedia

Шымкент мектебінде екі директор бар. Біреуін орнынан алуға ешкімнің қауқары жоқ

azatmedia

ШЫМКЕНТ ТУРИСТЕР ҚАБЫЛДАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕ 5 ОРЫНДА

azatmedia