Қоғам

Шанақтағы электр жарығының жетіспеушілігі мәселесі шешілді

«Оңтүстік Жарық Транзит»  ЖШС-ның инвестициялық жобасы тиімділігін көрсетуде. Аталған бастама аясында Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Шанақ ауылдық округінде жаңа трансформатор орнатылды – деп хабарлайды, Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Осыған дейін жел соқса жарықсыз қалатын тұрғындар үшін бұл жағымды жаңалық болып отыр. Трансформатормен қатар елді мекендер арасын жалғайтын 10 жаңа, 7 жарамды электр бағанасы жаңартылып, 1,5 шақырым электр сымдары ауыстырылған.

Сонымен қатар Ақжар елді мекеніне қосымша жаңа трансформатор қойылып, тұрғындардың қажеттілігін толығымен өтеп отыр. Аталған ауылдағы жарық жетіспеушілігі толығымен шешілді десек те болады. Жағдайға ескірген 20 бағананың да ауыстырылуы септігін тигізіп отыр.

Жаңа трансформаторлардың орнатылуы ауыл тұрғындарының мәселесін оңтайландырумен қатар, көше жарықшамдарын орнатуға мүмкіндік берді. Нақтылап өтер болсақ, Шанақ елді мекенінде жалпы ұзындығы 1,22 шақырымды құрайтын Қ.Бекқұлов  және Нұржан болыс көшелеріне көше жарықшамдары орнатылды.  Бұл жұмыстар мұнымен тоқталмақ емес, 2021 жылы аталған ауылдағы ұзындығы 2,1 шақырым болатын Келдібек би көшесін жарықтандыруды ауыл әкімдігі жоспарлап отыр.  

Қатысты жаңалықтар

Былыққа батқан жүйе: Шымкент қалалық диагностикалық орталығындағы ахуал

azatmedia

Отбасылық дәстүрлер және құндылықтар

azatmedia

Мүгедектер тәуелсіз өмір сүруге құқылы

azatmedia

Пікір қалдыру