Қоғам

Мал шаруашылығына қойылған меже орындалды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Шанақ ауылдық округінде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жоспар толығымен орындалды – деп хабарлайды , Azatmedia.kz ақпараттық порталы.  

Жалпы Шанақ ауылдық округінде 46 787 – уақ мал, 5025 бас – ірі қара, 2211 бас – жылқы тіркелген. Бұл көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқандығын байқауға болады. Олардың барлығы бірдейлендіруден өткізіліп, дерекқор базасына толық енгізілген.

Елді мекендегі мал басының артуына мемлекеттік бағдарламалар септігін тигізіп отыр. Атап айтар болсақ, «Сыбаға»  бағдарламасы бойынша  алынған мал басы  көлемі 630 бас. Оның ішінде 20-сы асыл тұқымды бұқа. Тағы 2 шаруа қожалық «Алтын асық» бағдарламасының игілігін көріп уақ малының санын 1000-ға арттырған. «Құлан» бағдарламасы бойынша да өңір шаруалары 30 бас асыл тұқымды жылқы жануарын саудалап алған.

Тиісінше, мал дәрігерлік эпизоотиялық ауруларға қарсы іс шаралар толық атқарылуда. Ескі Шанақта  мал тоғыту  купкасы мен Ақжардағы мал ұрықтандыру бекеті өз тиімділігін көрсетуде.  

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР САНЫ 200-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

azatmedia

Жатсынбайтын жаңа ілім

azatmedia

«КҮМІС ДОМБЫРА»: АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ АЙТЫС ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру