Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: Қ. Әбдалиев ауылдық округі таза ауыз сумен толық қамтылған

ауызсу

Қазығұрт ауданы, Қ. Әбдалиев ауылдық округі толық таза сумен қамтылып отыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратты порталы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ. Әбдалиев ауылдық округінде бойынша 1674 абонетке ауыз су құбыры және су есептегіш құралдармен жабдықталған. Ауылдық округке қарасты Амангелді елді мекені Мырзакелді құдығынан су тазарту қондырғысы арқылы ауыз суды пайдалануда. Қазіргі таңда басым көпшілігі тәулігіне 24 сағат бойы таза ауызсумен қамтамасыз етіліп отыр.

Биыл Рабат елді мекеніндегі Ақжол көшесінің ауызсу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8 369 000 теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Ал, Амангелді елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 9 800 000 теңге қаржы бөлініп, скважинаға қосу жұмыстары аяқталды.

Қ. Әбдалиев ауылдық округінің 77 пайызы көгілдір отынымен қамтамасыз етілген. Аталмыш ауылдық округке қарасты Қызылдала, Еңбекші, Аманкелді елді мекендеріне көгілдір отынын жеткізу бойынша Келе ауданы әкімдігіне ұсыныс жолданған.

Қатысты жаңалықтар

Ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің қазақстандық моделі

azatmedia

«Сұйық май ішкізіп, құйрық жегізді» – Павлодар тұрғынының өгей қызын аусыз ұрғаны белгілі болды

azatmedia

Ерекше күтімді қажет ететін азаматтармен қарым-қатынас

azatmedia

Пікір қалдыру