Қоғам

Шанақта биыл 7,5 шақырым жол асфальтталды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылдық округінде 7,5 шақырым ішкі жолдар асфальт төселді – деп хабарлайды, Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Атап айтар болсақ, Шанақ елді мекенінде Қ. Бекқұлов атындағы көше, Ақжар елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын Қ. Құдайбергенов пен Е. Омарбеков атындағы екі көше толығымен асфалтталған.  Аталған жұмыстар мұнымен тоқталмақ емес. Келер жылы тағы 3 көшеге құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарда. Қазірде ол жолдардың жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген.

Тағы бір қуантарлығы Шанақ ауылдық округі табиғи газға қосылар күн де алыс емес көрінеді. Бүгінде елді мекен маңынан жаңа АГРС бой көтерді. Бөлінген қаржы да толығымен игерілген.  Нысанның техникалық шарттары алыныпты. Тиісінше 35,0 млн теңгеге алты елді мекеннің  газ тарату жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары әзір. Бұл жоба арқылы тек Шанақ ауылдық округі ғана емес, көршілес ауылдар да көгілдір отынға қол жеткізбек.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында есірткі сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды

azatmedia

МАСЫЛДЫҚ – МЕНТАЛИТЕТ ПЕ?

azatmedia

Шудағы шу: Тергеу басталды

azatmedia

Пікір қалдыру