Қоғам

“Әнмен тербелген Қазығұрт түні”

Қазығұрт ауданында 30-тамыз Конституцияның 30 жылдығына орай жастарға арналған ерекше көңілді Караоке кеші өтті. Іс-шара “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен өтті.

Кештің шымылдығын ауыл аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Маржан Абдуллаева ашып, Қазығұрт ауданының жастарынан құралған “Kosh” волонтёрлық ұйымы кешіміздің қызықты да көңілді өтуіне белсене ат салысты. Мақсат – ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, өнерлі жастарды қолдау және мектеп бітіруші түлектерге құрмет көрсету.

Кеш барысында ауыл жастары мен келіндері өз өнерлерін ортаға салып, әсем әнмен ауыл аспанын тербетті. Шара соңы жалпы биге ұласып, барша қатысушылар ерекше көңіл күйде тарқасты.

“Жастар ресурстық орталығы” КММ басшы орынбасары М.Абдуллаева караоке кешіне белсене қатысқан жастарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ауыл жастары – біздің болашағымыз!

Қатысты жаңалықтар

Сарапшы: Масылдық – мемлекеттілік пен әлеуметтік институттарды күйретуші құбылыс

azatmedia

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Ұстаз – ұлағатты есім

azatmedia

«AMANAT» : ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕР ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia