Санатталмаған

КЕЛЕСТІК 12 ДӘРІГЕР МАҚТААРАЛДА

Мақтааралдағы төтенше жағдайға байлапнысты Келес ауданынан о баста 70 қызметкер жұмылдырылған болса, бүгінде олардың саны 30-ды құрайды. Ал медицина қызметкерлерінен 12 дәрігер, 4 фельдшер және 2 жедел жәрдем көлігі Мақтаарал ауданындағы Келес ауданына жауапты етіп берілген Фирдауси және Жантақсай елді мекеніндегі эвакуцияланған тұрғындардың денсаулығына қарауда. Жалпы Келес ауданына қарасты 4 эвакуациялық пунктте медицина қызметкерлері 24 сағат бойы әр пунктке 2 дәрігерден бөлініп, 12 дәрігер кезекпен жұмыс жүргізуде. Олардың жұмысына тұрғындардың дене қызуын тексеріп, гигиеналық талаптардың орындауы, бетпердесіз жүргендерге бетперде таратып, жалпы карантин режимінің сақталуына бақылау жасап, ең бастысы азаматтардың денсаулығына қадағалау кіреді. Келес аудандық ауруханасының фельдшері Көшімова Ақеркенің айтуынша өткен 24 сағат ішінде айтарлықтай денсаулығынан кінәрат сезген адам болмады, дегенмен бір аяғы ауыр келіншекті Шымкент қаласындағы ауруханаға жіберуге тура келді – дейді. Жалпы жағдай тұрақты.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру