Санатталмаған

МАҚТААРАЛ: ҚОЙМАҒА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі облыстық орталықтандырылған қоймаға бейнебақылау қондырғылары орнатылды. Бұл өз кезегінде азық-түліктің ысырапсыз таралуы менсебепсіз үлестіруіне тосқауыл болмақ.

Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевмәлім етті, , деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Қоймада орнатылған 4бейнекамера екі жүк қабылдау есігі мен ішкі шыға беріс жағына орналастырылуда. Яғни, қоймаға әрбір келген және кеткен жүк көліктері таспаланатын болады. Бірнеше бейнекамера орталықтандырылған бір компьютерге жалғанып, басқарылады.

«Камера орнатудағы мақсатымыз – ел аманатына қиянат жасау жайттарын болдырмау. Сонымен қатар, азық-түліктің ысырапсыз үлестіруіне жол бермеу. Оның үстіне қоймада сақталған заттардың кімге, қашан берілгенін нақтылап отыру үшін жасалып отыр. Алдағы уақытта мұнда жиналған азық-түліктер топан судан зардап шеккен тұрғындарға есепсіз, ысырапсызжетуіне баса назар аударылатын болады», – дейді Бейсен Дәулетұлы.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, күні кеше қоймаға Павлодар облысынан 20 тонна азық түлік пен 15 тонна киім-кешек және гигиеналық заттар жеткізілген. Естеріңізге сала кетейік, аталған қойма 2020 жылдың мамыр айының 3-ненбастап су басқан елді мекендерге көмек көрсету мақсатында құрылған болатын. Мұнда соңғы бір аптада 408 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналған.Атап айтсақ,97 тонна ұн,2,5 тонна ет, 95 тонна дәнді-дақыл,61 тонна көкөніс,6 тонна консервілік заттар, 26 тонна сұйық май, 65 тонна арнайы дайындалған азық-түлік себеттері, киім-кешектер мен гигиеналық заттар қабылданған. Соның бүгінде 100 тоннаға жуығы Мақтаарал ауданындағы 11 эвакуациялық орталыққа жайғастырылған тұрғындарға үлестіріліп берілген. Сондай-ақ, туған- туыстарының үйін уақытша паналап жүрген азаматтарға Атакенттегі№9 және№7 жалпы орта мектептерінен ашылған қоймалардан азық-түліктер жүйеленген тәртіппен таратылуда.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру