Словакиялық шеберлер жасаған жалпақ AirCar аэродинамикалық тіреуі аса дамыған суперкар сияқты көрінеді. Автокөлікті ұшаққа айналдыру үшін тиісті батырманы басса болды, қалғанын автоматика жасайды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Көліктің бүктелген қанаттары жазылып, артқы бөлігі мен рөлі ұзарады. Бұл процесс үш минут уақыт алады.
Көлік 140 ат күшіне ие 1.8 литрлік BMW арқылы қозғалады. Екі адам сыятын модельдің салмағы 1100 кг. AirCar мың шақырымға ұша алады, 200 км жылдамдықпен қалықтаса, сағатына 18 литр отын жұмсайды.

Аэромобиль өткен аптада Словакиядағы Пьештян әуежайында екі рет ұшып, төңіректі еш кедергісіз айналып шықты. Өнім авторы Стефан Кляйн көлікті басқару қиын емес екенін және жүргізушіні ұшқышқа қайта квалификациялау процесі көп уақыт қажет етпейтінін айтты. Қанатты көліктің сатылатын нұсқасы бір-екі жылда жарық көреді деп жоспарланып отыр, оған анағұрлым қуатты мотор орнатылады. Ал бағасына қатысты мәлімет жоқ.
- ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының штаб отырысы өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ертай Алтаев ашып, жүргізді. Отырыс барысында балалардың психологиялық жағдайын тұрақтандыру, олардың қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету және тәуекел тобындағы отбасылармен жұмысты жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік… - ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН
Түлкібас ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Бүгінде аудан аумағында 64 мың гектар алқапқа түрлі дақылдар мен мал азығын егілген. Соның ішінде, 50 мың гектардан астам жерге көктемгі егіс егілсе, 14 мың гектардан астам алқапқа күздік бидай себілген. Жалпы, 15 680 гектарға – бидай, 6 800 гектарға – арпа, 11 000 – гектарға майлы дақылдар,… - КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Хантағы ауылына жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпкер Жалғас Абдрамановтың шаруашылығымен танысты. Қазіргі таңда кәсіпкер 50 бас жылқы бордақылаумен айналысады. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, қосымша 100 бас ірі қара бордақылауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар болашақта сиыр, бұқа және қой сатып алу арқылы мал басын көбейтіп, мал сою цехын ашу жоспарда… - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысында кәсіпорындардың 61 пайыздан астамы өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандырған. Бұл туралы өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұрат Төлендиев мәлімдеді. «Түркістан облысында 220 мың кәсіпкерлік нысан тіркелген. Биыл 874 азаматтан арыз-шағым түсіп, олардың 796-сы заң талаптарына сай қаралды. Нәтижесінде 87 тексеру…
