Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ САСТӨБЕ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

9800 тұрғыны бар Састөбе кентіне үш елді мекен қарайды. Бүгін аудан әкімі Састөбе кентіне жұмыс сапары барысында кент тұрғындарымен арнай кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Жиынға әр ауылдың белсенді тұрғындары мен ақсақалдары, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мекеме басшылары және округтен сайланған депутат қатысты. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, кәріздік жүйе және көп қабатты үйлердің аулаларына қатысты біршама мәселелер айтылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерлген әр бір мәселе бойынша кент әкімі мен тиісті дербес бөлім басшысына нақты жұмыс жоспарын жасақтауды тапсырып, іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылданатындығын жеткізді. Сонымен қатар, Нұрлан Мархабатұлы Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауынның бар маңыздылығын ескере отырып Жолдауға қолдау білдіріп, алдағы уақытта бір жұдырыққа жұмылған ел болып, мемлекеттік саясатты бірігіп іске асыруға шақырды. Бүгінгі таңда Састөбе кентінде біршама инфрақұрылым мәселесі оң шешімін тапты десек болады. Атап айтсақ, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында кент аумағындағы 14 көшеге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 11 көше толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Сонымен қатар, кенттегі 8,4 шақырымды құрайтын электр желісі толығымен жаңартылып, 120 дана бағана ауысты. Және кент шегінен жаңа кәріздік сорғы жүйесі соғылып, пайдалануға берілгелі отыр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 38 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚШАМ ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТУДА

azatmedia

25 мың теңгелік телефон ұрлаған атыраулықтың қанша жылға сотталғаны белгілі болды

azatmedia

Пікір қалдыру