Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

2020 жылдың 1 тамызындағы деректер бойынша, Қазақстан халқының саны 18,7 миллионнан асты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті жариялады. Ресми мәліметке сүйенсек, тамыз айының басында ел халқының саны 18 миллион 767,5 мың адамды құраған. Оның ішінде қалада тұратындар – 11 миллион 49 мың адам болса (58,9%), ауыл халқы – 7 миллион 718,5 мың адамды (41,1%) құраған.

Нәтижесінде ел халқының саны 2019 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 238,6 мың адамға, яғни 1,3%-ға өскен. Аталған кезең аралығында ең жоғары өсім үш өңірде, атап айтқанда, Алматы (64,2 мың), Нұр-Сұлтан (30,6 мың), Шымкент (30,6 мың) қалаларында тіркелді.

Қатысты жаңалықтар

День, когда город наполнили звуки домбры

azatmedia

Қызметкерлеріне қол көтерген «полиция басшысына» қатысты тың дерек шықты

azatmedia

МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ШИПАЖАЙДА ТЕГІН ЕМ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру