Соңғы жаңалықтар

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП

Түлкібас ауданында 2020 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 26 млрд. 665 млн.теңгегені құрап отыр. Оның ішінде егін шаруашылығы –11 млрд. 94 млн. теңге, ал мал шаруашылығы – 15 млрд. 564 млн.теңгені межелеп отыр. Бұл жайында Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт аудандық мәслихаттың кезекті ХХХХХХ сессиясында халық қалаулылары алдында берген есепте мәлімдеді. Сонымен қатар, аудан басшысы барлық салаларға жеке-жеке тоқталып, өз баяндамасында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен барлық өнірлерде іске асып жатқан «Жұмыспен қамту жол картасының» 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аудан аумағында іске асу барысымен бөлісті. Бағдаралама шеңберінде Түлкібас ауданында жалпы 6 жоба іске асуда. Олар: 3-і мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және 3-і инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында (1-АУЫЗСУ, 1-ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢАРТУ, 1-КӘРІЗДІК ЖҮЙЕНІ ЖАҢАРТУ). Бүгінгі таңда аталмыш жобалардың 4-і толығымен аяқталып отыр. Бағдарлама аясында жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 азамат жұмылдырылса, соңын 70-і аудан тұрғындарын құрап отыр.Аудан басшысының есебін мұқият тыңдаған халық қалаулылары ағымдағы жылдың 8-айында атқарылған жұмыстарға байланысты сауалдарына толыққанды жауап беріп, халық қалаулыларын толғандырып жүрген жол құрылысы, ауыз су мәселелері белгіленген мерзімде рет-ретімен шешілетінін жеткізді. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы бойынша ой-пікір білдірген халық қалаулары ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуы үдемелі қарқынмен өсіп-өркендеп келе жатқанын тілдеріне тиек етіп, аудан басшысының қызметіне жоғары баға берді.

Қатысты жаңалықтар

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

azatmedia

Дәрігер күзде арықтауға көмектесетін таптырмас тағам түрін айтты

azatmedia

ШЫМКЕНТ ТУРИСТЕР ҚАБЫЛДАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕ 5 ОРЫНДА

azatmedia

Пікір қалдыру