Соңғы жаңалықтар

Діннің қоғам өміріндегі рөлі

Діннің адамдарды біріктіру, қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты реттеу, саяси жағдайды тұрақтандыру сияқты әлеуметтік құбылыстардағы орны ерекше. Біз мұны күнделікті өмірде көріп жүрміз. Біздің ұлтымызға өзіндік нақыш пен бояу беріп тұрған тарихи және мәдени қалыптасқан дәстүрлі Исламның да қоғам өміріндегі орны айрықша.

Әсіресе, полиэтносты Қазақстан халқы үшін исламның рухани әлеуеті мен құндылықтары ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім мәдениетіне ықпалы зор. Қазақстанның ересек тұрғындарының арасында 95%-ы белгілі бір дінді ұстанатындығы мәлім. Соның ішінде 90%-ы – ислам және проваславие діндерінің өкілі. Бұлардың барлығын діндар деп айта алмаймыз, бірақ дәстүрі мен мәдениетіне сәйкес кейбір діни рәсімдерді орындайтындары ақиқат. Себебі дін кез келген халықтың тарихы және мәдениетімен біте қайнасқан. Сондықтан мемлекеттің ішкі және сыртқы рухани келісімге, дінаралық және этносаралық келісім мен бейбіт өмірге қол жеткізу үшін маңызды.

Қазақстан сияқты 130-дан астам этнос өкілі өмір сүріп жатқан қоғам өмірінде діннің маңызы артып отыр. Дінсіз қоғам болмайды. Діннің қоғамды жақсылыққа үндеудегі, ізгілікке шақырудағы рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен қазіргі таң­да біз­дің ұлттық салт-сана­мыз бен заңдарымызға кереғар келе­тін, үйлеспейтін діни көзқарас­тары өмірлік қағидалары мен өл­шем­деріне айналған азаматтардың радикалды бағыттағы талғамсыз талап-тілектері ойландырмай қой­майды. Бұл жағдай мемлекет пен діннің қарым-қатынасын рет­теу­г­е, зайырлылық ұстанымдарын нақ­тылауға, оны терең ұғындыруға сергек қарауды талап етеді. Сон­дай-ақ діннің қоғам өміріндегі ық­палы барынша ескеріле оты­рып, мемлекеттің дін саласына қатыс­ты ұстанымдарының басты ерек­шеліктері қоғамдық санадан берік орын алуы қамтамасыз етілуі тиіс. Мұның барлығы сайып келгенде зайырлы мемлекеттегі діннің ор­нын белгілеуде өте маңызды.

Дін қоғамды сауықтыруда, адами қарым-қатынастарды рет­теуде, бейбітшілікке үндеуде, отба­сы­лық құндылықтарды ны­ғай­ту­да және басқа да мәселе­лер­де негізгі идеологиялық құрал­дардың бірегейі. Сондықтан əрбір мемлекет өзінің дінмен қа­рым-қатынас орнатудың тиімді мо­делін құруға мүдделілік таны­тады. Мәселен, бірқатар мем­лекеттер өздерінің қоғамында берік орныққан дəстүрлі дінінің мəртебесін конституцияларында атап көрсеткен.

Осы орайда ҚР Конститу­ция­сының 1-бабы, 1-тармағында «Қазақ­стан Республикасы өзiн де­мо­кратиялық, зайырлы, құқық­тық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бос­тандықтары», деп атап көр­сетілгенін назарға алатын болсақ, бұдан біз азамат­тары­мыздың өзі қалаған дінді тұтынуы оның конституциялық құқы болып табылатынын ұғамыз. Алайда дінді ұстанушы жекеле­ген тұлғалардың, сондай-ақ діни бірлестіктердің іс-әрекеттері мемлекет заңдарына қайшы келмеуі тиіс. Егер діни бірлестіктер ел тұтастығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, кері әсерін тигізетін болса, онда олардың қызметі заңмен тоқтатылады.

Жалпы, ел ынтымағы мен тұтас­тығына нұқсан келтіретін діни бірлестіктерге мемлекет тарапы­нан тоқтам салу зайыр­лылық қағидаттарының бұзыл­ғанын білдірмейді. Жұртшы­лық мұның ішкі мәнін ел қауіп­сіздігі мен тату­лығын сақтау мәсе­ле­лерімен қа­тыстыра оты­рып сара­лағаны жөн.

Қорыта айтқанда, халқының көпшілігі мұсылман болғандық­тан ислам әлемнің бір бөлігі бо­лып саналатын, құқықтық және зайыр­лылық тұрғысынан жетілген, өзі­нің мақсатын айқындаған елі­міз үшін зайырлылық қағидаттарына заман сұранысына сай ақыл­мен жүгіну керектігін бүгінде халқымыз дұ­рыс түсініп, баса назарда ұстаған абзал.

Ш.Досанбаева, теолог маман, Түркістан қаласы.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҮШ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ПОДДУБНЫЙМЕН ДОСТЫҒЫ

azatmedia

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ЖОБАЛАРДЫҢ САНЫ ЕМЕС, ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ МАҢЫЗДЫ

azatmedia