Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Елімізде радио және телеарналар уақытша өшіріледі

2525285000

Телерадиохабар тарату желілерінде жоспарлы алдын алу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы  «Қазтелерадио» АҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

19 қараша сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфир желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, – делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыс телерадио хабарын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. 

Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асады. 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, – делінген хабарламада.

Қатысты жаңалықтар

Туған әкесіне тұрмысқа шыққан қыз жұрттың жағасын ұстатты

azatmedia

Қазақстанда 1 сәуірден бастап жарық қымбаттайды

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 21 ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia

Пікір қалдыру