Санатталмаған

ЕРЖҮРЕК АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЛДЫНДА МӘҢГІ ҚАРЫЗДАРМЫЗ

AzatMedia.kz. Ұлы Жеңіске 75 жыл.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал.
Иә, содан бері 75 жыл уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
9 мамыр – біздің еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі, елімізге жеңіс әкелген Ұлы күн. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі – батылдық, табандылық, қайсарлық, қазақстанның өскелең ұрпағы үшін өміршеңдік символы болып табылады. Жылдар өткен сайын асқан қаһармандықтың салмағы еселене түсуде әрі осы Ұлы Жеңісті жадымызда сақтау әрбір азаматтың ардақты борышы.

Осы ретте азаматтық борышын ұмытпаған Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Абдурахманұлы Иматов ауданның белсенді жастарымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері Эрмахон Ишхонов, Имамали Юсупов және Жұмабай Ташметовтердің шаңырақтарында болды.

Бірінші кезекте Сарыағаш қаласында тұратын 99 жастағы Имамали Юсуповты құттықтады. Ардагер соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі өмірі туралы өз естеліктерімен бөлісті. Имамали Юсупов 1921 жылы Өзбекстанның Науайы облысына қарасты Кенимех ауданында дүниеге келген. 1939 жылы қызыл армия қатарына шақырылған. Ұлы Отан соғысы кезінде Украина майданы бағытында бірінші гвардиялық корпустың 267- ші минометшілер полкы сапында шайқасқан. Жауға қарсы ұрысты Донбас түбінде бастап, Днепр, Днестр, Дунай өзендерінен, Карпат тауларынан өтіп, Румыния, Венгрия, Австрия территорияларын Фашизмнен азат етті. Соғыстан кейінгі жылдары Бұхара қаласындағы педагогикалық институтты аяқтап, мұғалім болып қызмет етті.

Әрбір ардагердің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі баға жетпес. Сарыағаш ауданындағы 97 жастағы ардагер Ишхонов Эрмахон ата жас ұрпаққа өзінің майдан тарихын әңгімелеп, ұзақ жылғы қызметіндегі жауынгерлік даналығынан сыр шертті. Ардагер қарт майдандас достарын, олармен бірге өткізген сұрапыл соғыс жылдарындағы қайғы-қасіретті еске алды, соңынан мемлекеттің үнемі қолдап келе жатқандығына ризашылығын білдірді.

Жібек жолы ауылдық округінде тұратын Ташметов Жұмабай 1922 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында дүниеге келген. Ардагер жастарға соғыс жылдары басынан өткерген қиындықтары туралы айтып, жастарды отансүйгіштікке шақырды. Мерекенің құрметіне жастардың сыйлықтар тарту еткеніне, ардагер атамыз ризашылығын білдіріп, жылы тілектерін жолдады.
Ардагерлердің отбасыларына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту еткен жастар ерліктің елге мұра, ұрпаққа үлгі екендігін айта келе Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерлерге алғыстарын білдірді.

«Сіздер соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қажырлы еңбектеріңізбен бүкіл халықтың құрметіне бөленіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Біздің міндет – сіздерді көзіміздің қарашығындай сақтап, ертеңгі ұрпаққа ерліктеріңіз туралы айтып қалдыру. Біз сіздерді мәңгі есімізде сақтаймыз. Ашық аспан астында бейбіт өмір сүруіміз соғыс кезінде Отан алдындағы борышын өтеп, фашизмнен азат еткен Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің арқасы, олай болса Қазақстанның өркендеп дамуына аянбай адал қызмет етуіміз абзал», – деді жастар басшысы.

Жастық шақтың жалындаған шағын толарсақтан саз кеше жүріп, Отан деген ұлы сезім үшін кеуделерін оққа төсеп, Жеңіс күнін жақындатуға жұмсаған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты.
Құрметті, ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңіз үшін, бізге сыйлаған бейбіт өмір үшін Сіздерге басымызды иеміз! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру