Санатталмаған

ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барып, өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі – «Ленгір машина жасау зауытында» болды. Аталған жобаға 3-3,5 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Жалпы өндірістік аумағы 13 мың шаршы метрден асатын кәсіпорын толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. Машина жасау өнеркәсібіне құрылыс – темір өнімдері мен бөлшектері шығарылмақ. Маманданған зауыт тапсырыс болған жағдайда тіпті поезд вагондары мен бөлшектерін жасап шығара алады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда. Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 150 адамды жұмыспен қамту көзделініп отыр. Тоқырау кезінде қараусыз қалған машина жасау зауыты қайта жанданып, биыл іске қосылады.
Аймақ басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалармен танысты. Аудан орталығындағы «Жастық» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауданда білім ұялары жаңартылып, 20 пәтерлі 9 тұрғын үй бой көтереді.
Облыс басшысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы орай Төлеби ауданының орталығында орнатылатын ескерткіш жобасымен таныстырды.
Биіктігі 3 метр мыстан құйылған ескерткіш демеушілер тарапынан жүзеге асуда. Ұлы ойшылдың мүсіні жаңадан бой көтеретін Абай аллеясында орнатылады. Сондай – ақ, ауданда демеушілер есебінен, халқы­­­мыздың қасиетті сөзін ел бірлігі мен жер тұтас­тығына арнаған тарихи тұлға Төле бидің 15 метрге жететін еңселі ескерткіші бой көтереді. Баба мүсіні Төлеби ауданының ең көрікті жерлерінің біріне айналмақ.
Өмірзақ Естайұлы Көксәйек елді мекеніндегі жеке шаруа қожалығымен танысты. Наурыз айында іске қосылған шаруа қожалығы 4 га жерге қызанақ, қияр, сәбіз, құлпынай, болгар бұрышы сынды көкөністерді егеді. Биыл ауданда егілетін егіс көлемі 65684 га жетті. Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша 105 жоба іске асып, жаңа жұмыс орындары ашылған.
Биыл минералды тыңайтқыштар алу заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты агроқұрылымдарға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде шаруашылықтар сатып алған тыңайтқыштары бойынша www.qoldau.kz арқылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өтінім тастап, 50 пайыз субсидиялауға қол жеткізіп отыр.
Сондай-ақ, тамшылатып суғару технологиясы мен қарқынды жеміс-жидектің көлемі 35 гектарға, суармалы жердің көлемі 80 га артып,ауылшаруашылық техникалары 4 бірлікке жаңаланған.

Қатысты жаңалықтар

Ынтымақ пен татулық – елдіктің тұғыры

azatmedia

Ынтымақ пен татулық – елдің ең қымбат қазынасы

azatmedia

Халықтар достығы – мызғымас мемлекет негізі

azatmedia

Бірлік пен достық – қоғам тұрақтылығының тірегі

azatmedia

Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды

azatmedia

Школы будущего: в Шымкенте открыли учебное заведение по проекту «Келешек мектебі»

azatmedia

Бірлік пен достық – елдің еңсесін көтерер құндылық

azatmedia

Бірлік пен достық – ел дамуының басты негізі

azatmedia

Кітап оқуға үндейтін игі бастама: Шымкент «Кітап оқитын ұлт» жобасына қосылды

azatmedia

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

azatmedia

Пікір қалдыру