Басты жаңалықтар

Тоқаев туды балконға ілуге рұқсат беру ұсынысын қолдады

Azatmedia.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар депутаттардың ұсынысын қолдады. Қолданыстағы заңнама Қазақстан туының қолданысын белгілі бір деңгейде шектейді, – деп хабарлайды zakon.kz.

«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын», деп жазды Президент Твиттердегі парақшасында.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ілуге тыйым салынған.

«Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», деп жазды Тоқаев.

Қатысты жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа теріс қылығы үшін жұрттан сөз естіді (видео)

azatmedia

Мейрамбек Беспаев: «Ақшаға қырылып қалған өзге ұлт көрмедім»

azatmedia

Тоқаев коронавирустың келесі толқынына дайын болуға шақырды

azatmedia

Пікір қалдыру