Басты жаңалықтар

Атырауда ер адам Instagram-дағы жазбасы үшін сотталды

Инстаграм 2020

Атырауда 22 жастағы тұрғын Instagram желісіне аудио және видео материал жүктегені үшін сотталды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы  Polisnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 жастағы жігіт дін маманы Ибн әл-Джаузидің идеясын насихаттайтын аудио-видео материалдарды Instagram желісінде жариялаған. Діни сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл жазбалардың мазмұны Қазақстанда қолдануға және таратуға тыйым салынған.

Осыған байланысты ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453-бабын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот қаулысына сәйкес ол 55 560 теңге (20 АЕК) айыппұл төлейді, ал әлеуметтік желідегі парақшасы жабылды.

Бұдан басқа Атырауда соңғы уақытта Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің аталған бабы бойынша тағы төрт ер адам жауапқа тартылған. Олардың бірі Мысырда теологиялық бағыттағы күмән туғызатын оқу орнында білім алған. Содан кейін өзінің ВКонтакте желісінде ислами емес негіздегі идеологтарды насихаттаған. 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда шілдеден бастап кімдердің жалақысы 150 пайызға дейін өседі?

azatmedia

Коронавируске қарсы вакцина сынағына қатысқан ерікті қайтыс болды

azatmedia

42500 теңгені ала алмағандардың өтініші 1 желтоқсанға дейін қайта қаралады

azatmedia

Пікір қалдыру