Басты жаңалықтар

ШОК! Саша Коэнды қолға түсірді (ВИДЕО)

Саша Коэн

Әлеуметтік желіде қазақстандық вайнерлердің Боратты тауып алып, жазасын беріп жатқан видеолары тарады, деп жазады Azatmedia.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлбетте, бұл видеолардың тарауына «Дикий Арман» лақап атымен танымал болған Арман Жұмагелдиевтің Боратты іздеп жатқаны себеп болса керек?! Желі қолданушылары әзіл араласқан видеолар  түсіре бастады.

Естеріңізке сала кетсек, Дикий Арман бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде мәлімдеген болатын.

«Ассалямуалейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиді. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле — не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін», — деп жазған еді ол.

Қатысты жаңалықтар

Көптоғайдағы дау. Шекарашылар неге қоршау орнатылып жатқанын түсіндірді

azatmedia

Тәлім Trend-тен ТәлімTV-ге: Тазабеков жаңа арна ашпақ

azatmedia

100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі – Назарбаев тапсырма берді

azatmedia

Пікір қалдыру