Басты жаңалықтар

«Жеңуіміз мүмкін»: Айқын Төлепберген Боратты қалай жазалау керек екенін айтты

Айкын

«Борат» фильмі қазақстандықтардың қай қайсысын болса да елең еткізбей қоймады. Мемлекеттік туды қорлады деп айыптағандар Боратты жан жақтан сынға алды. Әнші Айқын Төлепберген Саша Коэнді қалай жазалауға болатынын айтты, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Борат фильмі 2009 жылы жария етілгенде бүкіл қазақ өре түрегелді. Мемлекеттік тұрғыда тұсау болмады. Ел енді ұмыта бастағанда аталған фильмнің екінші бөлімі жарияланды. Қазақстандық өнер өкілдері жаппай наразылықтарын білдірды. Алматы жастары қарсылық танытып, АҚШ үкіметіне хат жазды. Алайда Америка билігі фильмнің мемлекеттік емес, жеке компания атынан түсірілгенін айта келе оған тосқауыл жоқ екенін ескертті. 

Осы ретте Айқын Төлепбергеннің өз айтары бар. 

«Борат бар қазақтың ашуын келтірді. Оған мемлекет тарапынан қарсылық нота жолдап, петиция ұйымдастырудың түк керегі жоқ. Америка – демократиялық ел. Оларда тосқауыл болмайды. Заң жүзінде мемлекет жасап бермейді. Оны кесіп айтты. Сондықтан біз тек жеке компанияны сотқа бере аламыз. Америкалық адвокат жалдап, фильмді түсіруші топты сотқа берейік. Бұл елге осылай жауап беру керек. Сонда жеңуіміз мүмкін. Егер жеңе алмасақ, онда Қазақстан туралы біршама ел таниды. Шындығында қандай ел деп зерттей бастайды. Журналистерін жібереді. Өз көздері жетеді», – деді Айқын.

Әнші жеке адвокат арқылы сотқа арыз жазу керек деп түсіндірді. Заңы басқа елде заңды жұмыс істеу керек дегенді айтты.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда азық-түлік тағы да қымбаттайды

azatmedia

Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм түсірілді

azatmedia

Баласымен жасты жігіпен құшақтасқан қазақстандық жұлдыздың басы дауға қалды (ВИДЕО)

azatmedia

Пікір қалдыру