Басты жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне енді өтемақы берілмейді

Врачи

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу тоқтатылатынын айтты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша 20 қазанда Үкімет жанындағы ВАК кезекті отырысы өтті, онда медицина қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемдерді аяқтау туралы шешім қабылданды. Осылайша 20 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерге жаңа өтінімдер қабылдау тоқтатылды», – деді Шоранов.

Ол коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері енді біржолғы төлем ала алмайтынын айтты.

«Қалған 5 пайыз немесе 421 медицина қызметкеріне біржолғы төлемдер қазір өңірлік комиссиялар деңгейінде рәсімдеу сатысында және олар ақпараттық жүйеге енгізіледі. Оларға төлемдер апта соңына дейін 23 қазанға дейін беріледі», – деді бірінші вице-министр.

Қатысты жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде карантиннің қашан аяқталатынын айтты

azatmedia

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен елді билейді – Тоқаев

azatmedia

Індетті жұтырғандар қайта көбейіп жатыр: Карантин режиміне оралуымыз мүмкін бе?

azatmedia

Пікір қалдыру