Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Үйлердің бірінен 20 жастағы қыздың денесі табылды

Azatmedia.kz. Шымкентте 18-шағын аудандағы үйлердің бірінен 20 жастағы қыздың денесі табылды. Адам өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жігіт қамауға алынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 19 қазанда күндіз кезекші бөлімге пәтерден белгісіз қыздың денесі табылғаны туралы ақпарат түскен. Полицейлер оқиға орнына шұғыл аттанған.

Марқұмның кім екені анықталған. Ол Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны болып шыққан. Тексеру кезінде қыздың денесінен буындырудың іздері табылған. Сарапшылар жас қыздың өлімі тұншығудан болғанын растап отыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеуді бастады. Күдікті тез арада қолға түсті. Ол Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны болып шыққан. Жас жігіт қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Don’t Expect the Insurance Industry To Protect You From Climate Change

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: КӨП ҚАБАТТЫ 262 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

azatmedia

Пікір қалдыру