Соңғы жаңалықтар

Шымкент: «Nur Otan» партиясының белсенділері ауқымды іс-шара ұйымдастырды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенді мүшелері игілігі мол шараларды атқарып, аймақ тұрғындарының алғысын арқалап келеді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Оңтүстік өңірде осыдан 5 жыл бұрын партия белсендісі Байкен Әшірбаевтың бастамасымен спорттық сайыстар ұйымдастырыла бастаған болатын. Бұл қазір дәстүрге айналған.              

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Рашкүл Оспаналиева, Байкен Әшірбаев, Қайрат Сүлейменов, Марат Сапарбаев, Гүлайым Шыңғараева, Талғат Балтабаев сынды белді мүшелері спортқа жанашырлық танытып, 51 команданы жинап отыр. Олар барлығы 6 орынды сарапқа салады. Карантин талаптарын сақтай отырып, осындай игі шараны ұйымдастырған белсенділерге партия атынан алғысымызды білдіреміз» дейді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұраәлі Қалмұратов.

Биыл спорттық сайыстардан бөлек 500 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік таратылды.

«Үшінші жылдың жүзі болды, ата-аналары қайтыс болған 5 баланы асырап отырмын. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенділері мен Қаратау ауданы әкімдігі қолдарынан келгенше көмектесуде. Міне, бүгін де көмек алып жатырмын. Баршасына ризамын», – дейді ауыл тұрғыны Қызайым Байғазиева.  

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: СЕНАТОРЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

Сенсация! Нұрлан Қоянбаев әлемдік рекордты жаңартты

azatmedia

ПАРТИЯ ФИЛАЛЫ ЖАНЫНДА 9 ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру