Соңғы жаңалықтар

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫ

«Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасы, «Рухани жаңғыру» кеңсесі қайырымды жандар мен еріктілер арасында жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «Жомарт жүрек» байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Мақсаты: Жомарт жандардың мәртебесін көтеріп марапаттау арқылы өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Байқауға қатысушысы келесідей заңды және жеке тұлғалар бола алады:
1) қалада қайырымдылық, қоғамдық пайдалы және әлеуметтік қызметтерді жүзеге асырған;
2) қызметтің әлеуметтік бағыты;
3) сыйлық номинацияларына сәйкес келуі;
4) қажетті құжаттардың болуы тиіс.
Жеке және заңды тұлғалардың: төмендегі қызметтері қарастырылмайды:
1) коммерциялық табыс табуға;
2) ғибадат ғимараттарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
3) мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көретуге бағытталған қызметтері қаралмайды.

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ӨТУ КЕЗЕҢДЕРІ:
Салтанатты құттықтау рәсімі үш кезеңнен (аудандық, қалалық және республикалық) тұрады және жыл бойы өтеді.
1. Аудандық деңгей 1 шілдеден бастап 15 тамыз аралығында өткізіледі.
2. Қалалық деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі жыл сайын 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығында өткізіледі.
3. Республикалық деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі 1 қарашадан бастап 15 желтоқсан аралығында өткізіледі. Республикалық деңгейдегі іріктеу онлайн-дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:
«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:

1. «Жыл меценаты» Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін
2. «Туған өлке»
Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін
3. «Жыл тұлғасы»
Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін (тек жеке тұлғалар үшін)
4. «Жылдың үздік ұйымы» Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушлік жасағаны үшін
(тек заңды тұлғалар үшін)
5 «Ерен еріктілік» Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТОПТАМАСЫ

Жеке тұлға үшін:
1) Байқауға қатысуға өтінім;
2) Үміткердің фотосуреті (пішімі: 3х4, JPEG);
3) Өмірбаяны;
4) Жеке куәліктің көшірмесі;
5) Жоба, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметі туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
6) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы барқызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері).

Заңды тұлға үшін:
1) Байқауға қатысуға өтінім;
2) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі);
3) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
4) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері).

Қатысушылардың өтінімдері қажетті құжаттар топтамасымен бірге қағаз және электронды түрде жергілікті атқарушы органдарға жолданады.
Байқауға қатысу туралы өтінімдерді қабылдау бойынша жауаптылар:
Абай ауданы Иманқұлов Жомарт 8 747 837 02 42, 8 702 794 62 66 Jomart_9191@mail.ru
Әл-Фараби ауданы Әбілқасым Қасымхан 8 708 247 28 03 alfarabyapparat@mail.ru
Еңбекші ауданы Бижанов Дінмұхаммед 8 705 667 63 91, 43-30-04 d.bizhanov@shymkent.gov.kz
Қаратау ауданы Қосжанов Дархан 8 771 368 73 01
karatau_culture@mail.ru

Толығырақ мәлімет және сұрақтар бойынша:
Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің менеджерлері:
Примкулова Эльмира: 8 702 024 84 22;
Жүсіпбек Жанерке: 8 747 787 90 91.
Электронды пошта: ruhani_jangyru@bk.ru.

Байқаудың толық ережесімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында http://mic.gov.kz/kk/kategorii/premiya-zhomart-zhurek танысуға болады.

Қатысты жаңалықтар

Мұғаліміне у берген мектеп түлектерінің әрекеті жұртты шошытты

azatmedia

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар атқарылуда

azatmedia

Қазығұртта жылыжай көлемі кеңейіп келеді

azatmedia

Пікір қалдыру