Соңғы жаңалықтар

8 адам қайтыс болды. Соңғы деректер не дейді?

Елімізде өткен тәулікте бес адам коронавирустан, үш адам пневмониядан қайтыс болды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 862 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 88 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр. 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 79 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

Қатысты жаңалықтар

САЙЛАУДАН БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

azatmedia

ОТАНҒА КӨМЕК

azatmedia

«100 доллар алыңыз. Бәрі оңай» – вакцина салдырғандарға ақша берілгелі жатыр

azatmedia

Пікір қалдыру