Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Құдықта бірнеше жылдан бері жатқан әйелдің мәйіті табылды

Шымкент қаласында құдықтан әйел адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Аякоз Бегалықызы есімді тұрғын өзінің фейсбук парақшасына жазды. Оның айтуынша, 1 қыркүйек күні Теріскей ықшамауданындағы №46 үйдің артындағы құдықтан көрпешеге орап, сыртынан скотчпен матап тасталған әйел адамның мәйіті табылған. Оның бойы шамамен 155-160 см, жасы 20-30 аралығында.

Болжам бойынша, мәйіттің жатқанына 2-5 жыл болған. Жеке басы анықталмады.

«Бұл – көрпе мен көрпешенің, сондай-ақ киімінің суреті. Егер кімде-кім оларды таныса, 102-де хабарлаңыз немесе маған жазыңыз», – деп жазады Айкөз Бегалықызы.

Қатысты жаңалықтар

Алматыда 1887 жылы болған зілзала қайталануы мүмкін бе?

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ҒИМАРАТТАР ҰЛЫ КҮЙШІЛЕРДІҢ ПОРТРЕТТЕРІМЕН БЕЗЕНДІРІЛДІ

azatmedia

Қазақстанның астанасы ауысады ма?

azatmedia

Пікір қалдыру