Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: АПАТТАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН КӨЛЕМІ ЕСЕПТЕЛУДЕ

AzatMedia.kz. Мақтарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.

Бұл туралы төтенше жағдайға байланысты өткізілген онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Жүнісов мәлімдеді.
Сондай-ақ, судан қауіп төнген Нұрлы жол мен Фердоуси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны да қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жалпы осы сәтке дейін 5400 тұрғын қауіпсіз жерге орналастырылған.
«Жалпы су тасқыны аудан бойынша 4 елдімекенге қауіп төндірді. Бұл дегеніміз 4624 халқы бар 868 үй су астында қалуы мүмкін еді деген сөз. Алайда, қазір дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында қауіптің беті қайтты. Төтенше жағдайға байланысты 18 эвакуациялық орындар дайындалды. Олар Атакент, Мақтарал, Жамбыл елдімекендерінде орналасқан. Апаттан құтқару жұмыстарына 630 адам, 2 су көлігі және 56 техника жұмылдырылды. Қажетті шаралар тиісті деңгейде атқарылып жатыр», – деді Н.Жүнісов.
Сондай-ақ, онлайн брифингте мәлімдеме жасаған Мақтарал ауданының әкімі Б.Асанов қауіп сейілді екен деп арқаны кеңге салуға болмайтынын айтты.
«Эвакуацияланған ауыл тұрғындары мектептерге жайғастырылды. Коронавирус індетінің таралуының алдын алу үшін эвакуацияланған азаматтарға медициналық бетперде мен автисептиктер таратылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайдан келген шығын көлемін есептеу жұмыстары жүргізілуде», – деді Б.Асанов.

Атап өтейік, мамандар егер су тасқынынан келетін қауіп қайта күшейетін болса, сол аймақтағы азаматтар мен үй жануарларын қауіпсіз жерге эвакуациялау шаралары ұйымдастырылатынын жеткізді. Мұндай жұмыстарға көрші жатқан Келес, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарының әкімшілігі атсалысатын болады. Қазіргі таңда осы бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай бақылауда, қауіп толығымен сейілгеніне көз жеткізілсе, эвакуацияланған барлық азаматтар үйлеріне жіберілетін болады.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру