Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КҮРДЕЛЕНУДЕ

AzatMedia.kz. 2 мамыр, сағат таңғы 4.30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасында су ағыны орын алып, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарында су деңгейі көтерілді.

Облыстық маңызы бар Мырзакент-Жеңіс-Жаңа Тұрмыс авомобиль жолын су алып кетуі салдарынан көліктер жүре алмауда.

Қазіргі таңда апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылуда.

Мырзакент пен Атакен елдімекендерінің ара қашықтығы – 35 шқ. Мырзакент елдімекенінде 2848 үй, 14 532 адам бар;
-Фердоуси елдімекенінде 314 үй, 2377 адам тұрады;
Жантақсай елдімекенінде 95 үй, 700 тұрғын бар;
Апатты-құтқару жұмыстарына ТО ТЖД-нің жеке құрамынан 138 адам, 8 техника (1 ГАЗ-66, УАЗ-390995);
-Шымкент қ. «ОСО» ММ 5 адам, 2 дана қайық, 1 техника;
– Шымкент қ. ТЖД-нен 2 дана вахталық автобусы, жеке құрамнан 12 маман, 4 дана МП-100 мотопомпасы, 2 үрленбелі қайық, 10 Л-1 жиынтығы (сүңгуірлер киімі);
-Ұлттық гвардияның 6506 бөлімшесінен 300 адам;
-300 орындық 6 автобус;
– 120 орындық В
вахталық 4 КаМАЗ;
– аудандық полиция бөлімінің 7 техникасы мен 70 қызметкер;
Жергілікті атқарушы органнан 40 қызметкер, 5 техника тартылды.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру