Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қордың валюталық активтері азайған

Ұлттық қордың валюталық активтері айдың қорытындысы бойынша 1,4 миллиард долларға төмендеп, 57,3 миллиард болды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орыбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді. Ұлттық қор мөлшерінің төмендеу себебінің бірі – Қыркүйекте 230 миллиард теңге сомада бюджетке кепілді трансферттерді бөлу бойынша міндеттемелерді орындау үшін Ұлттық қордың валюталық активтерін шамамен $551 миллион сомада сату.

Бұдан бөлек, мұнайдың салыстырмалы түрде төмен бағасының сақталуынан қорға небәрі 43 миллион доллар ғана түсім болған.

«Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қыркүйекте теріс болды және (-)$850 млн құрады. Қордың жалпы инвестициялық кірісі жыл басынан бастап оң болып қала береді және шамамен
$1,5 млрд құрайды» деп атап өтті Әлия Молдабекова.

Қатысты жаңалықтар

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С ЖИТЕЛЯМИ МИКРОРАЙОНА НУРШУАК

azatmedia

Шымкент: білім нысандарының құрылысы – басты назарда

azatmedia

Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 12,2 триллион теңгеден асты

azatmedia

Пікір қалдыру