Соңғы жаңалықтар

Сотталған экс-депутат премьер-министр болды

Дкпутат

Қырғызстанда премьер-министрдің міндетін атқарушы болып үйлестіру кеңесі ұсынған оппозиционер Садыр Жапаров сайланды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы AKIpress-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін премьер-министр Кубатбек Боронов болған, ол отставкаға кетті. Бұл туралы Бішкектегі «Достук» қонақүйінде өтіп жатқан Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында белгілі болды. Депутаттар өтінішті қарады.

Кейін Жогорку Кенеш Садыр Жапаровтың премьер-министр лауазымына кандидатурасын мақұлдағаны белгілі болды. Енді Садыр Жапаров Парламентке Үкіметтің құрылымы мен құрамын ұсынуы керек. Осыдан кейін парламент кандидатураларды бекіту рәсіміне кіріседі.

Еске салайық, Бішкектегі «Достук» қонақүйінде Парламент депутаттарының кезектен тыс сессиясы өтті.

БАҚ хабарына қарағанда, талқылау кезінде ғимаратқа қонақүйдің жанында болған адамдар басып кірген. Олар таяқпен және тастармен қаруланған. Жаңа премьер-министр Садыр Жапаров қонақүйдің артқы есігімен қашып кетті.

Айта кетейік, Қырғызстандағы наразылық білдірушілер уақытша премьерді тағайындауға ниетті. Бұл туралы журналистерге оппозициялық «Мекенчил» («Патриот») партиясының жетекшісі Қамшыбек Ташиев хабарлады. Бұл лауазымға оппозициялық саясаткер Садыр Жапаровтың кандидатурасы қаралды, оны өткен түнде наразылық білдірушілер түрмеден босатқан, онда ол 2013 жылғы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды кепілге алғаны үшін жазасын өтеп жатқан болатын.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

How Restaurants Are Adapting To The Food Delivery Boom

azatmedia

«Ерлік жастар көзімен» атты патриоттық әндер байқауы өтеді

azatmedia

Пікір қалдыру