Соңғы жаңалықтар

Астық жиналды. Көлемі халықты ұнмен қамтуға жете ме?

Қазақстанда астық жинау науқаны аяқталды. Биыл 20,1 млн тонна дәнді дақыл қамбаға құйылған, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы сейсенбі күнгі үкімет отырысынде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеген.

“Қазіргі уақытта дәнді дақылдарды жинау, егін алаңының жұмыстары 99,5%-ға аяқталды. Республика бойынша егін алқабы 15,8 миллион гектар болды. Орта есеппен бір гектардан 12,8 центнер астық алынды. Жалпы ел бойынша 20,1 миллион тонна астық жиналды”, – деді министр Омаров.

Омаровтың айтуынша, дәнді дақылдардың көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуден бөлек 7-8 млн тонна астықты экспорттауға жетеді.

Қатысты жаңалықтар

Сенсация! Нұрлан Қоянбаев әлемдік рекордты жаңартты

azatmedia

АЙТЫСКЕР АҚЫН АҚМАРАЛ ЛЕУБАЕВАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Танымал спортшыға порнографиялық роликке түсуге ұсыныс жасалған

azatmedia

Пікір қалдыру