Соңғы жаңалықтар

Елімізде 145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды

Қазақстанда 145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 145 білім беру ұйымы 330 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын өз еркімен қайтарып берген.

«Департаменттеріміз колледждердің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Бірінші кезекте біз оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтардың, әдебиеттердің, білім беретін тиісті оқытушылардың болуына, оқуға барлық жағдайдың жасалуына назар аударамыз. Осы жұмыстың нәтижесінде колледждер қазіргі уақытта өздерінің білім беру профиліне жатпайтын немесе біліктілік талаптарын сақтай алмайтын жекелеген мамандықтар бойынша лицензияның қосымшаларын қайтару туралы шешім қабылдады. Арасында еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтар да бар. Кейбір колледждерге белгілі бір мамандықтар бойынша студенттер оқуға мүлдем түспеген. Мысалы, педагогикалық колледж менеджерлерді даярлауға талпынса, ал экономикалық бағытта білім беретін колледж педагогтерді оқытпақ болған. Сондай-ақ кейбір оқу орындары материалдық базасы сай келмесе де белгілі бір мамандық бойынша кадрларды дайындағысы келген. Қазіргі уақытта студенттер оқуын аяқтады, ол үшін колледждерге мүмкіндік берілді. Бұдан былай 145 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы үш жүзден астам мамандық бойынша студенттерді оқытпайтын болды. Сондықтан  ата-аналар мен оқушыларға алаңдаудың қажеті жоқ. Ешқандай проблема туындаған жоқ», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Қатысты жаңалықтар

Танымал спортшыға порнографиялық роликке түсуге ұсыныс жасалған

azatmedia

БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ…

azatmedia

Korean Exports at 6-Year High Signal Strong Global Trade: Chart

azatmedia

Пікір қалдыру