Ақпарат

Рақымов ауылының еріктілері жарап тұр

фото

Түркістан облысы , Қазығұрт ауданы, Сабыр Рақымов ауылдық округінің бірлігінің арқасында бір отбасыға асарлатып үй соғуда, деп хабарлайды AzatMedia.kz ақпараттық порталы.

Елімізде еріктілер жылы деп аталғалы, еріктілікпен айналысып жатқандардың саны артып жатыр. Оған дәлел ретінде 2020 жылы наурыз айында төтенше жағдай жарияланғанан бері еріктілер ауыз толтырып айтарлық ерліктер жасауда. Атап өтер болсақ, маска тарату, тегін дәрі-дәрмек, блок бекеттерге азық-түлікпен ас беру, жағдайы төмен отбасылармен төтенше жағдай кезінде табысанан айрылған азаматтарға көмектесіп азық-түлік тарату және қанша мың ИВЛ аппаратарын емханаларға жеткізумен айналысуда.

Еріктілікпен айналысуды ауыл тұрғындары «Асар» ретінде алып, жыл сайын ауылына көмек қолдарын созады. Сабыр Рақымов ауылының бірлігі және ұйымшылдығының арқасында біршама отбасыларға асарлатып үй соғуды әдетке айналдырған. Соның бірі күні жалғыз басты ана және бірінші топтағы мүгедек Майра Айтбайқызына ауылдың белсенді азаматтары асарлатып 11х10 үй салып беруде. Жердің құжаттарын реттеуге Сабыр Рахымов ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан қолдау көрсеттіп, жерді 3 жылға алып берді. 3 жыл ішінде үй салынып бітсе, жер жекеменшік құқығына берілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА 25 ӘМБЕБАП ДҮКЕН ИЕСІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

azatmedia

«Тікелей хабарласыңыз»: Аймағамбетов білім басқармасы басшыларының телефон нөмірін жариялады

azatmedia

Пікір қалдыру