Басты жаңалықтар

Құс тұмауы: құстардың неден өлгені белгілі болды

Птица

Әлеуметтік желіде Екібастұзда жолда өлі торғайлар жатқан видео пайда болды. Алайда әкімдіктің мәліметі бойынша, торғайлар құс тұмауынан өлмеген, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін әлеуметтік желіде Пшембаев көшесіндегі өлі торғайлардың видеосы тарады. Екібастұздың ветеринар дәрігерлері оқиға орнына барып, құстарды көлік қағып кеткенін анықтады. Куәгерлер бар», – дейді әкімдік өкілдері.  

Қалалық әкімдік өкілдері Екібастұзда құс тұмауы дерегі тіркелмегенін айтады. Жағдай тұрақты. 

«Аурудың алдын алған дұрыс. Екібастұзда құстарды вакцинациялау науқаны басталады. Вакцинацияға өтініштерді Екібастұз қаласының ветеринариялық станциясы қабылдайды», – деп түсіндірді әкімдіктегілер. 

Қатысты жаңалықтар

«Бойында күші, кеудесінде жүрегі бар жастардың біразы үш әріп боп сүмелеңдеп жүр» – журналист

azatmedia

Коронавирус канализация жүйесі арқылы тарайтыны анықталды

azatmedia

«Күнде жиын, күнде той!»: жұлдыздарға заң жүрмей ме? (ВИДЕО)

azatmedia

Пікір қалдыру