Басты жаңалықтар

Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты

Аймагамбетов

Оның сөзінше, біріншіден, қыркүйек айынан бастап тәлімгерлікке ақша қосылады.

«Екіншіден, сынып жетекшісіне төленетін ақы екі есеге өседі. Одан кейін дәптер тексергені үшін де бұрынғыдан екі есе көп ақша алады. Бұдан бөлек, магистрлік дәрежесіне 27 мың теңге беріледі», – деді Аймағамбетов.  

Одан бөлек, жаңа жылдан бастап мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға көбеймек.

Айта кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші топтарға сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы қалай көтерілетінін түсіндірген болатын. Министрдің айтуынша, бұрын бастауыш сыныптардың мұғалімдері жүктеменің аздығына шағымданатын. Себебі типтік жоспар бойынша 1-сыныптарда 24 сағаттық жүктеме болса да, ағылшын тілі, дене шынықтыру сияқты сабақтарды басқа мұғалімдер өткізеді. Сонда бастауыш сынып мұғалімдерінің жүктемесі 15-16 сағатқа дейін азайып, «бір ставкаға» да жетпейтін.

Биыл кезекші сыныптарда бір топта тек 15 оқушы ғана білім алады. Ондайда мұғалім жүктемесі артады, жалақысы да өседі. Мысалы, бұрын бір сыныпта 30 оқушы болса, кезекші сыныптарда 15 бала болады. Демек, бір сыныпты екі топқа бөлуге тура келіп, мұғалімнің жүктемесі артады. Сол үшін қосымша ақы төленеді. Жеке жүктемесі 28 сағатқа жетсе, сол уақыттың еңбекақысын алады. Бірақ бұл үстемеақы емес. Тарификация бойынша төленетін жалақы болып саналады.

Еске салсақ, білім және ғылым министрі Нұр-Сұлтандағы №73 мектеп-лицейіне барды. Мектепті аралау барысында ол қашықтан оқыту режиміне ауысу оқушылардың үлгеріміне әсер ете ме деген сауалға жауап берген еді.

Сонымен қатар, білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен докторантура студенттері жаңа оқу жылында қалай оқитынын түсіндірді.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет қандай адамдардың пәтерақысын төлеуге көмектеседі? – министр жауабы

azatmedia

«Соттасуға дайынмын» – танымал қоғам белсендісі депутаттан кешірім сұрамайтынын мәлімдеді

azatmedia

«Енем өтірікші әйел»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Мөлдір ажырасқалы жатыр

azatmedia

Пікір қалдыру