Қоғам

Әділетті қоғам орнату – елдің арманы

Бүгінгі қалың елдің қалауы әделетті қоғам орнату екені анық. Ел бірлігін басты байлыққа балап, саяси тұрақтылықты экономикалық дамумен ұштастыра білген еліміз бұл «өткелдерден» де өтіп келеді.

Саяси жаңғыру ісінде тұйықталып тұрып қалмай, аңдап басып, алға жылжымақ ләзім. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында пысықталып, Парламентте қабылданған оннан аса заң жобасы аясында саяси реформалар жүзеге асып келеді.

Берік тұғыры, қуатты қолдауы болмаса және жан-жақты ойластырылмаса, ұлы идеялар да жарға жығатыны анық. Сол үшін елдің болашағы үшін бірлік керек. Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жүзеге асырудағы негізгі міндет те осыған саяды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату, сол арқылы замана талабына бейімделген үйлесімді мемлекет қ­лып­тастыру үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Ол өткен жылы Ұлттық құрылтайға трансформацияланды. Мұның өзі бір жағынан халықтың пікіріне құлақ қоюға, екінші жағынан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсуге ықпал ету болып саналады.

Ра, еліміздің саяси жүйесін ішінара емес, кешенді жаңғырту бағдарламасы өте қажет болды. Ұзаққа созылған билік транзитінің аяқталып, саяси жаңғыруды батыл, серпінді жүргізуге «Қасіретті қаңтар» оқиғалары түрткі болғанын да жасыра алмаймыз. Зобалаң, зұлмат, дүрбелеңге толы болған, еліміздің 11 өңірін қамтыған сол оқиғалар ескі мен жаңаның тартысындай болғаны анық. Осынау сын сағатта мемлекетіміздің болашағы, еліміздің кемел келешегі билік басындағы көшбасшы тұлғаға тікелей байланысты болды. Жаза басса, қате шешім қабылдаса немесе болбырлық танытып бұғып қалса, онысы қыл үстінде тұрған қазақтың мемлекеттілігінің тағдырына нұқсан келтіретін еді. Міне сондай сын сағаттардан өткен ел сол күндерден сабақ алып, ондай қасіретті жағдайлардың қайталанбауына атсалысуы керек. Тұрғанбек ҚАНАЕВ, «Ақ Орда» шаруа қожалығының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Шанақтағы электр жарығының жетіспеушілігі мәселесі шешілді

azatmedia

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

azatmedia

Жаңабазарда атқарылған іс көп

azatmedia