Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Жол жөндеу жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатыр

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылдық округіндегі жол мәселесі шешімін тауып келеді, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар. Олар – Қақпақ, Заңғар және Сырлысай ауылдары. Бұл өңірде жалпы ұзындығы 58 шақырымды құрайтын 32 көше бар. Олардың алтауына орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Атап өтетін және нәтижелі жұмысы тиянақты болып отқан  Заңғар елді мекенінде 5 көше бар. Ол көшелердегі жолдарға арнайы техникалармен тапталып, тас төселген.

Қазіргі таңда Қақпақ елді мекеніне қарасты Абай көшесінде орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тапсырыс беруші – аудандық ТҮКШЖК және АЖ бөлімі. Жалпы жоба құны  65,625 мың теңгені құрап отыр. 2020 жылға қаралған қаржы 29,760 мың теңге болса, 2021 жылға қаралған ұаражат – 35,865 мың теңге. Жұмысты жүргізетін мердігер мекеме –  «Арман Строй Холдинг» ЖШС. Басқа көшелерде де өткелдерге, арықтарға су құбырлары қойылып, жолдар тегістеліп, шағал төселіп, таптау жұмыстары жүргізілуде. Яғни жолдың 58 шақырымының тең жартысы жөндеу жұмыстарынан өткен.

Қатысты жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

azatmedia

Тазабеков діни сеніміне қатысты бар шындықты айтты (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру