Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы қорына қанша қаражат жиғаны белгілі болды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандық салымшылардың қанша қаражаты барын жариялады, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Мәлімет 2020 жылдың 01 қыркүйегіндегі деректер бойынша алынған. Ол бойынша, өз шоттарында зейнетақы жинақтары бар 10 870 610 міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) 5 615 939 – ерлер болса, 5 254 671 – әйелдер.

Төменде көрсетілген сомадағы зейнетақы жинақтарына:

500 мың теңгеге дейін – 5 906 632 адам;

501 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін – 1 590 837 адам;

1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін – 2 348 114 адам;

3 млн – 5 млн. теңгеге дейін – 634 188 адам;

5 млн – 8 млн теңгеге дейін – 238 931 адам;

8 млн теңгеден асатын сомаға – 151 908 адам ие.

Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 миллион 254 мың теңге болса, ал әйелдерде – 933 мың теңге.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

azatmedia

Қытайлық әскери ұшақтардың басып кіргені белгілі болды

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 6250 БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру