Ақпарат

Жолдар мен көше жарығы ауылда бар

Жол

Қазір елімізде барлық қала, облыс , аудан, ауылдарда көше құрылыстары қарқынды жүруде соның бірі, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық округіне қарасты екі елдімекенінде яғни Шарбұлақ және Ақбастауда 24 ішкі көшелері бар, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жалпы көше шақырымы 30,085 құрайды оның 22.275 шақырымы күределі жөндеу жұмыстарынан өтті, ал жұмыс жүргізілмекгені 7.810 шақырым , дегенменде осы жылға 1.4 шақырымдық Қ.Пірназаров көшесі күрделі жөндеу жұмысынан өтуге дайындалуда.

«Жөндеуден өтпеген көшелер алдағы жылдарда толығымен күрделі жөндеуден өтеді»- дейді, Усенбеков Жандос Арыстанбекович Шарбұлақ ауылдық округінің әкімі

Ендігі кезекте ауыл көшелерін жарықтандыру мәселесі жоғары деңгейде қарастырылуда, Жарық шамдары тұрғындары көп және кеш мезгілінде көп жүретін, мектептен қайту жолдары басты назарда.

«Осы көшелерді өзімде жүріп өтемін , халқы өте көп жарық қою мәселесін өз қолыма алдым, жалпы жарықтандыруды қажет өтетін бірнеше көше бар олар Достық, Наурыз,Әлібеков, Алпысбаев, А.Төлеев, Қожамсейітбатыр көшелері және Ақбастау елдімекеніндегі Ақбастау көшесін жарықтандыру» -дейді Усенбеков Жандос Арыстанбекович

Қатысты жаңалықтар

Шымкент мектебінде екі директор бар. Біреуін орнынан алуға ешкімнің қауқары жоқ

azatmedia

Қазығұрттық ауылдағы электр бағаналары жаңартылады

azatmedia

Ауыз судың рахатын сезінуде

azatmedia

Пікір қалдыру