Ақпарат

Қазығұртта ет импорттау алға басып келеді

Мал шаруашылыгы

Бүгінгі таңда Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарындағы малдары мен ауыл тұрғындарының малдарын қосқанда 7824 бас ірі қара мал, 19695 бас қой мен ешкі, 1722 бас жылқы мен 6298 бас үй құстары бар деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.


Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жұртшылық табынға асыл тұқымды бұқа» бағдарламаларының аясында жоспарланған 240 мал басы сатып алынған. Одан бөлек ауыл кәсіпкерлері ірі қара малды түрлендіру бойынша 864 бас малды жоспарлап, 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында 412 басқа орындалған. Одан бөлек, ірі қара мал етін импорттау бағытында 35 мал басы жоспарланып, бұл меже 93-ке жеткен. Яғни, ет импорттау бойынша оң нәтиже көрсетіп келе жатыр. Жалпы, 2020 жылы 1636 ірі қара малды ұрықтандыру жоспарланып, 2125 сиыр ұрықтандырылған. Ал, шағын жанұялық сүт фермаларын ашу бойынша 2 бірлік ашылып, меже 100,0 пайызға орындалған.


Сонымен бірге, 2 мал бордақылау алаңдары ашылып, округ бойынша ветеринариялық аса қауіпті ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Қатысты жаңалықтар

Індеттен қайтыс болғандар бөлек жерленбейтін болды – ол несімен қауіпті

azatmedia

Алматы: «Дәрігерлер соқырішекті анықтай алмай, қызымыздан айырылдық»

azatmedia

«Шалдар пенсияға кетсін!»: Көшербаев президент Жолдауы кезінде ұйықтап отырған (ВИДЕО)

azatmedia

Пікір қалдыру