Ақпарат

АТПАЛ АЗАМАТТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» науқанын жүргізіп жатқаны белгілі. Осы бастамамыз бойынша тұрақты негізде, апта сайын атқарылып жатқан тазалық жұмыстары республиканың әр аймағында өтіп отыр. Партия қолға алған іс-шараны Түркістан облысының барлық аудан, қалалары қолдап, жалпыхалықтық жобаға айналуына сеп болуда. Өңіріміздің 17 аудан, қаласында өтіп жатқан тазалық жұмыстарының барысы партияның өңірлік филиалының ақпараттық ресурстарында жүйелі негізде жарияланып келеді.«Таза бейсенбі» науқаны шеңберіндегі игілікті жұмыстар бүгін Мақтаарал ауданында жалғасты. Мұнда аманаттық өкілдер қолға алған тазалық жұмыстары Мырзакент кентіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында өтті. Аудан әкімдігінің өкілдері мен партия белсенділері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ел ағалары мен жастар аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орны болып табылатын саябақта бас қоса отырып, осындағы көрнекті мемлекет қайраткері Қосман Қайыртайұылына арналған бюст-ескерткіші маңайын абаттандыруға қатысты.Қоғамды ізгілікті істер жасауға шақыратын, туған өлкенін қадір-қасиетін білуге үндейтін, оның тазалығын қамтуға тәрбиелейтін бастаманың бұқаралық сипатқа ие болып жатқанына қуанатынын білдірген Мақтаарал ауданы әкімінің уақтыша міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков, осы іс-шараға қатысып, адамгершіліктің ерен үлгісін, азаматтық жауапкершіліктің өнегелі өрісін көрсетіп жатқан жерлестеріне және ауданға келіп жатқан қонақтарға шынайы ризашылығын білдірді. Қосман Қайыртайұлының қайраткерлік қасиетін айта отырып, топан судың зардабын тартқан аудан тұрғындарынің үйлерін қалпына келтіруде ел үшін атқарған жұмыстарын еске алды.Айта кету керек, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарған Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов, 2020 жылы Мақтарал ауданында орын алған су тасқыны кезінде жарияланған төтенше жағдайда өңірлік штабтың жұмысына жетекшілік етті. Су астында қалған елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстарына зор үлесін қосып, үйлері мен мал-мүлкі суда қалған ағайынға қолдан келер көмектен аянып қалмады. Адал еңбегімен тұрғындардың қадір-құрметіне бөленген азамат, осы жұмыстарды атқару барысында, 57 жасында дүниеден озды.Іс-шараға қатысушылар, атпал азаматқа арналған ескерткіш аумағында тазалық жұмыстарын жүргізе отырып, бұл ізгілікті істен жас буын үлгі алады және ел үшін еңбек еткен азаматтарын ұмытпайды деген сенімдерін білдірді. 

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

Қазығұртта табиғи газ жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр

azatmedia

УРАН ӨНЕРКӘСІБІН ЖОЛҒА ҚОЙҒАН СОЗАҚ ЖҰРТЫМЕН ЖҮЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

azatmedia