Басты жаңалықтар

Қазақстандық олигарх Англияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

Дом 200

XII ғасырда іргесі қаланған ұлыбританиялық Ист-Хосли ауылының тұрғындары қазақстандық миллионер Нұрлан Бизақовты сотқа беруге дайын отыр. Қазақстандық сол аймақтағы өзіне тиесілі жылқы зауыты аумағына 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр, ал тұрғындар бұған наразылық танытуда, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат порталы Neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық олигарх Англияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

Басылымның хабарлауынша, ауыл тұрғындары бұл құрылыс сол елді мекеннің тарихи келбетін бұзатынына сенімді. 2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бұл жаңалыққа қуанған еді, себебі олигарх зауыттың көркеюіне миллиондаған доллар қаржы құйды.

Алайда жақында Бизақовтың сол аймаққа 205 тұрғын үй салуға рұқсат алғаны белгілі болды. Енді тұрғындар миллионерге және оның бұл жоспарына қарсы болып отыр, олар тіпті Бизақовпен сот арқылы күресуге дайын. Ауылда шамамен 500 үй бар. Алайда тағы екі жүз үй салу туралы жаңалық тұрғындарды қуантпады.

«Барлығы Бизақовтың миллиондаған қаражат құйғанына қарап оны керемет деп санайды. Алайда мұндай ауқымды құрылыс бірегей ауылды құртады, бұл елді мекеннің іргесі мың жыл бұрын қаланған. Бизақов Францияға (Бизақовтың бұл елде де жылқы зауыты бар – Sputnik) тарихи ауылды жоюдан тапқан миллиондаған қаражатты өзімен бірге алып кеткенде ғана бұл іс шешілетіндей көрінеді», – деді жергілікті тұрғындардың бірі Джонатан Уокер.

2017 жылы Нұрлан Бизақов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына енді. Оның байлығы 445 миллион доллар деп бағаланды. Әр жылдары Бизақов Қазақстанның ұлттық компанияларында жоғары қызметтер атқарған.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы – 500.000 теңге

azatmedia

Мемлекет қандай адамдардың пәтерақысын төлеуге көмектеседі? – министр жауабы

azatmedia

Тұңғыш Президент қызының шетелдегі 131 миллион доллары елге қайтарылады

azatmedia

Пікір қалдыру