Басты жаңалықтар

Шымкенттің екі тұрғынынан аса қауіпті жара анықталды

больница

Шымкенттің екі тұрғыны күйдіргі ауруы анықталғаннан кейін медициналық бақылауда, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы КТК-ға сілтеме жасап.

«Сібір жарасы анықталған екі ер адам 19 және 33 жаста, Сайрам ауданында жұмыс істейді. Олар дәрігерлерге қолдарында жара пайда болғаннан кейін жүгінді. Зертханалық зерттеулер диагнозды растады»,- делінген хабарламада.

Ауру жұқтырғандар мал өсіріп, союмен айналысады. Олар ауруханаға орташа ауыр жағдайда түсті, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Профилактикалық антибиотикалық терапиядан жұқтырған адамдармен байланыста болған 20-дан астам адам өтті. 

«Аурудың дереккөзі нақты анықталған жоқ. Бірақ, инфекция болуы мүмкін, біз қандай да бір мал сою болды деп ойлаймыз, өйткені бұл жануарлардан… біздің қаламыз, Шымкент қаласы, сондай-ақ Түркістан облысының жақын жатқан аудандары, олар қолайсыз, сібір жарасы бойынша деп айтуға болады. Себебі стационарлық қолайсыз пункттер бар»,- деді Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.

Қатысты жаңалықтар

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен елді билейді – Тоқаев

azatmedia

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ»

azatmedia

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ ТҮРКІСТАНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру