Басты жаңалықтар

Қытай АҚШ-тың әскери базасын жойып жіберді (ВИДЕО)

Қытай

ҚХР қарулы күштері Н-6К бомбалаушы ұшақтарымен АҚШ-тың Гуам аралындағы «Андерсен» базасын жойып жіберген бейнероликті жариялады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Newsroom.kz сайтына сілтеме жасап.

Әскери-патриоттық роликте АҚШ әуе шабуылына қарсы күштерінің мықтылығына қарамастан Қытайдың бомбалаушы ұшақтары базаның күлін көкке ұшырғаны көрсетілген. Роликте Қытай бомбалаушы ұшақтары жау базасына сәтті барып, әскери нысанның көзін жойып, тапсырманы орындап, жеңіспен оралғаны түсірілген.

«Роликтің компьютер арқылы жасалғанына қарамастан, оның саяси салмағы басым» дейді сарапшылар.

Сарапшылар соңғы уақытта Қытайдың дәл осындай сценарийге дайын екенін айтты. Бейжің Вашингтонмен қақтығыс туындаса бомбалаушы ұшақтармен бірге зымырандарды да қолданатынын айтқан болатын.

«Бүгінгі таңда Қытай ұшақтары АҚШ қарулы күштерінің алдында дәрменсіз. Өйткені радарға түсіп қалады. Алайда соған қарамастан Бейжің АҚШ-тың ең ірі әскери базаларының бірі «Андерсенді» жойып жіберуі әбден мүмкін», – дейді батыстық сарапшылар.

Гуам аралында АҚШ-тың екі әскери базасы орналасқан. Олар «Андерсен» әуе қарулы күштерінің базасы және «Апра-Харбор» теңіз күштерінің базасы. Екі базада 7 мың сарбаз бар. Бұл базалар АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы басымдығының кепілі болып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Анасымен 55 жылдан кейін қауышты

azatmedia

Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

azatmedia

Мамандар телефоннан қандай программаларды өшіру керегін айтты

azatmedia

Пікір қалдыру