Соңғы жаңалықтар

Түлкібас ауданындағы ағын су мәселесі шешіліп келеді

Түркістан ауданы, Түлкібас ауданында жыл соңына дейін 5064 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылмақ, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Түлкібас ауданындағы Балықты ауылдық округіне қарасты «Боз» каналының жалпы ұзындығы 9,8 шақырымды құрайды. Аталған су нысанына тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстары мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу басталған болатын. Енді бұл нысанда жүріп жатқан жұмыстар жыл соңына дейін толығымен аяқталады.

Аудандағы біраз жылдарданн бергі күрделі де көкейтесті мәселенің бірі – ағын су мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Әкімдік мәліметіне сүйенсек, 2022 жылға дейін аудан аумағындағы 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 7015 гектар жер қайта айналымға қосылмақ.

Биыл жылдың соңына дейін 7 су нысанына темір бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 69,1 шақырымды құрайтын «Құлый», «Танта», «Қызыл», «Боз», «Ұзын», «Бесқасқа», «Бала Құлан» магистралды каналдары 5064 гектар ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді ағынды сумен қамтымақ.

Міне, осылайша киелі өңірдегі өзекті мәселелердің бірі шешімін таппақ. Жоба толығымене жүзеге асса, шаруалар үшін жағымды жаңалық болары анық.

Қатысты жаңалықтар

Дәстүрлі құндылықтарды ұстану борышымыз

azatmedia

«Бұл жағдай туралы айтудан ұялдым» – Роза Рымбаева неден қысылып жүр?

azatmedia

МОЛОДОЖЕНЫ ПРОГОЛОСОВАЛИ НА ИЗБИРАТЕЛЬНОМ УЧАСТКЕ

azatmedia

Пікір қалдыру