Соңғы жаңалықтар

Назарбаев бейнеленген монеталар сатылымға шықпақ

Ұлттық Банк 28 сәуірден бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі бейнеленген коллекциялық монетаны сата бастайды.

Жаңа монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында шығып, «Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan» деген атау алды.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуы тиіс.

Номиналы 1 000 теңгелік монеталардың жалпы массасы 62,2 грамм. Материалы – массасы 46,2 грамм 925/1000 сынамалы күміс, массасы16 грамм 999/1000 сынамалы алтынның құрамдас бөлігі. Өндіріс сапасы – proof. Диаметрі – 50 миллиметр. Таралымы – 1 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

«Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады. Монеталар кәдесый орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған», – деді Ұлттық Банкте.

Қатысты жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

АКИМ ГОРОДА ПРИНЯЛ СПОРТСМЕНОВ, КОТОРЫЕ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В XXXII ЛЕТНИХ ОЛИМПИЙСКИХ ИГРАХ

azatmedia

Сарыағаш: Жемісті ауылдық округінде құрылыс жұмыстары қарқын алған

azatmedia