Басты жаңалықтар

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова America’ s Got Talent финалына өтті

Даниал Төлешова

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова АҚШ-та өтіп жатқан America’ s Got Talent өнер додасының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Данэлия Төлешова АҚШ көрермендерінің бір тәулік ішінде дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарында болды және әлемдік шоу финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Финалға өту үшін сынға түскен қатысушылардың үштігінде Данэлиямен қатар «Golden buzzer»-дің (қазылар алқасының арнайы қолдауы) екі иегері болды, алайда көрермендер қазақстандық әншіні қолдады», – деп хабарлайды Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенко Фейсбуктегі парақшасында .

America’ s Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. «Осы уақыт ішінде мені қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл шешуші апта болады, көп жұмыс істеу керек. Мен үміттеріңізді ақтауға тырысамын», – деді Данэлия.

Қатысты жаңалықтар

Әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірген қазақ туралы не білеміз?

azatmedia

Тоқаев халыққа маңызды үндеу жасады

azatmedia

«Праймериз Ресейде де өтті ғой. Не өзгерді?» – журналист

azatmedia

Пікір қалдыру