Басты жаңалықтар

Тоқаевтың кеңесшісіне Өзбекстан президенті «құда түсіп» жатыр

Токаев

Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті және Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевтің кеңесшісі атанды, деп Azatmedia.kz ақпараттық порталы Twitter парақшасына сілтеме жасап. 

«Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің мені экономикалық даму, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындағанын естіп, қуандым. Оның реформалық жобаларын жүзеге асыруға көмектесетін боламын», – деп жазды Сума Чакрабарти.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте, яғни кеше ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық даму мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді. Бұған дейін бұл қызметті Олжас Құдайбергенов атқарған болатын.

Сума Чакрабарти 1959 жылы дүниеге келген. 2012 жылдан бастап 2020 жылдың шілдесіне дейін Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті қызметін атқарды.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады

azatmedia

Түркістанда әкім елдің қаржысына салынған спорт кешенін сатып жіберген

azatmedia

«Сөзіңе жауап бересің» – әкім сапасыз жол проблемасын айтқан блогерді жауапқа тартпақ

azatmedia

Пікір қалдыру