Басты жаңалықтар

Дикий Арман: «Боратты тауып, жазасын берейік»

Дикий Арман

«Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің бөрісі Арман Жұмагелдиев әлеуметтік желіде Боратқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат порталы.

«Ассаляму алейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиіп жатыр. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын болып жатыр. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле – не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін», – деп жазды ол.

Айта кетейк, қазақстандықтар фильмнің шығуына қарсы #Cancel_Borat хештегін шығарды. Кеше мәдениет министрі «Борат» туралы пікір білдірді.

View this post on Instagram

Ассаляму алейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиіп жатыр. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын болып жатыр. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле – не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін. #bsvturan? #

A post shared by Арман Джумагельдиев (@armandzhumageldiev) on

Қатысты жаңалықтар

Қабланбекте кәсіпкерлік сала қарқын алған

azatmedia

Мақпал Жүнісованың жас кезіндегі суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

azatmedia

Тихановская Лукашенконың 25 қазанға дейін қызметтен кетуін талап етті

azatmedia

Пікір қалдыру